Жаңалықтар

Оқушылар арасындағы «Әл-Фараби» пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы өтеді

24.04.2013

26-сәуір сағат 11:00 де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15-қабатындағы мәжіліс залында оқушылар арасындағы «Әл-Фараби» пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы болады.


Олимпиаданы ҚР білім және ғылым Министрлігі, облыс білім басқармалары мен РҒПО «Дарын» бірлестіктері өткізуде. Әл-Фараби олимпиадасының басты мақсаты мен міндеттері зерек оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық мүмкіндіктерін күшейту. Олимпиаданың биылғы жылы болған басты ерекшелігі 2 кезеңде он-лайн түрде өтті, оқушылар өз тұрғылықты жерлері ауыл, қалалардан ешқайда бармай-ақ олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды, ал біз еліміздің барлық алыс аудандардағы жоғарғы сынып оқушыларына өз білімдерімен жетістіктерін сынауға мүмкіндік аштық. «Әл-Фараби» олимпиадасына тіркелу www.kaznu.kz. сайтында жүрді. Тіркелген қатысушылар саны Қазақстанның барлық аудандары бойынша 10000-ға жуық қатысушылар санын құрады. 2013 ж. 6-8 ақпан бойынша «Әл-Фараби» олимпиадасының 1-кезеңі өтті. Алматы және Астана қалалары бойынша және Қазақстан Республикасының барлық облыстарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың 1-кезеңінде 10233 оқушы қатысып, белгіленген деңгейден 4372 оқушы өтті. «Әл-Фараби-2013» олимпиадасының 2-кезеңі ҚР барлық аудандары бойынша 2013 ж. 11-12 наурыз аралығында он-лайн түрде өтті, Астана қаласы бойынша 2013 ж. 23-ақпанда, Алматы қаласында 2013 ж. 24-ақпанда өтті. Олимпиаданың 2-кезеңінде Алматы және Астана қалалары, сонымен қатар ҚР барлық облыстары бойынша 2234 оқушы қатысып, 14 пән бойынша 1,2,3-орындарды иеленгендер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны 10-сынып бойынша -73, 11-сынып бойынша -76 санын құрады.

«Әл-Фараби» олимпиадасының бағдарламасы бойынша 11-сынып арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сертификаттармен марапаттайды. Марапаттау салтанатына құрметті қонақтар, өткен жылдың жеңімпаздары, атақты ғалымдар және университет оқытушылары, студенттік кеңес құрамы қатысады.

Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультеті