Жаңалықтар

«Айналаңды нұрландыр» фестивалі өтеді

25.04.2013

26 сәуір сағат 16:00-де механика-математикалық факультетте (Қызыл залында) «Айналаңды нұрландыр» атты студенттік фестиваль өтеді.

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен қолға алынды. Жоба мақсаты адамгершілік құндылықтар, жақсылық пен ізгілікті насихаттау. «Егер әрбір азамат өзіне жүктелген міндеттерді аса ұқыпты жауапкершілікпен орындаса, онда оның өмірі жарқын әрі бақытты да сәтті болады», - дейді ұйымдастырушылар.

Университет студенттері «Айналаңды нұрландыр!» жобасына белсене атсалысып келеді. Бұл жоба жастардың бойында патриоттық сезім орнатып, елінің ертеңі үшін жауапты екенін, еңбексүйгіштік пен рухани байлықты сыйлауға тәрбиелейді.

Іс-шарада студенттер әлемнің әртүрлі тілінде ұлы классиктердің шығармаларынан театрландырылған қойылымдар қойып, әндерін шырқап, би билейді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі