Жаңалықтар

Дөңгелек үстелде азық-түлік және ветеринарлық қауіпіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады

25.04.2013

26 сәуір 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Қазақстан Республикасында азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.


Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі азық-түлік қауіпсіздігінің құқықтық мәселелері; Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі ветеринарлық қауіпсіздіктің құқықтық мәселелері; Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісіндегі сақтандырудың құқықтық мәселелері; Азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселелері; Азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздік саласындағы құзіретті мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері қаралады.

Заң факультеті, 410 ауд. Басталуы: 14.00.