Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Алматының ТОП-100 үздік студенттері» жобасында электронды каталогының көп бөлігін құрап көшбасшы атанды

30.04.2013

Бұл жоба Алматы қаласы әкімшілік аппараты жастар саясаты мәселесі бойынша басқармасының қолдауымен қаңтар айында жүзеге асқан болатын. Байқаудың басты мақсаты белсенді, амбициялы, талантты студенттерді қолдау, жұмыс берушілер оларды таңдауға мүмкіндік беру болып табылады.

Каталог анкеталық деректер мен жазылған эсселермен толықтырылған. Жұмыс берушілер, өздеріне ұнаған студенттер туралы рекрутингтік компаниядан толық мағлұмат ала алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан соң, каталогтағы тізімде ХБА (Халықаралық Бизнес Академиясы) Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚБТУ, Халықаралық бизнес университеті, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және т.б. университеттер.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі