Жаңалықтар

«Стамбул үдерісі бойынша министрлер кездесуі: қорытындылары мен болашағы» атты видеоконференцияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды

02.05.2013

2013 жылдың 26 сәуірінде Халықаралық қатынастар факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азия бойынша әл-Фараби – Карнеги жобасы халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының қолдауымен «Стамбул үдерісі бойынша министрлер кездесуі: қорытындылары мен болашағы» атты видеоконференция өткізді.


Видеоконференцияның жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Роберт Блейк, Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Кенетта Фейрфакс, Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің экономикалық департаментінің бас директоры Вахидулла Васси, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Тимур Уразаев, Карнеги Қорының вице-президенті Пол Баларан, сараптамалық құрылымдар мен институттардан белгілі казақстандық сарапшылар, халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары, докторанттар және магистранттар қатысты.

Видеоконференцияның қатысушылары «Азия жүрегі» Стамбул үдерісінің қатысушы-мемлекеттерінің үшінші Министрлер конференциясының нәтижелеріне өз бағаларын беріп, Орталық және Оңтүстік Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аймақтық күш-жігердің тиімділігін талқылады.

Видео көпірдің келесі жағында халықаралық бейбіт үшін Карнеги Қорының Оңтүстік Азия бағдарламасының директоры, жетекші ғылыми қызметкер Фредерик Грар бастаған американдық ғалымдар, зерттеушілер болды.

Видеоконференция әл-Фараби – Карнеги жобасының директорлары Марта Брил Олкотт және Фатима Тұрарқызы Көкеева ұйымдастырды.

Халықаралық қатынастар факультеті