Жаңалықтар

ҚазҰУ студенті жеңімпаз атанды

02.05.2013

2013 жылдың 27 сәуір күні Астана қаласында Конфуций Институты мен ҚХР Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық «Қытай тілі көпірі» сайысының республикалық ақтық сынында қытайтану кафедрасының студенті 1 орын алды.

Біздің университет және кафедра атынан Алматы қаласы бойынша сайыстың жеңімпазы атанған 3-курс студенті Екатерина Кузьмичева қатысты. Республикалық сайыста университет намысын қорғаған Екатерина бұл жолы да жеңісті қолынан жібермеді. Ендігі кезекте Кузьмичева ҚХР-дың астанасы Пекин қаласында өтетін Халықаралық сайысқа қатысады. Екатеринаға сәттілік тілейміз!

Қытайтану кафедрасы