Жаңалықтар

Назар аударыңыздар! Бос орындар Жәрмеңкесі – 2013

03.05.2013

16 мамыр сағат 9.00-16.00 аралығында әл-Фараби ғылыми кітапханасының үлкен залында (4-қабат) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде қазақстандық және халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары және тренингтері ұсынылады. Жәрмеңкенің қатысушылары бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндеме ұсынып, HR-менеджерлермен әңгімелесуден өте алады.


ҚазҰУ Бос орындар жәрмеңкесі-2013 қатысушылар арасында 50-ден астам бизнес, ғылым және өндіріс салаларының жетекші өкілдері қатысады.

Бос орындар жәрмеңкесі бағдарламасында: ҚазҰУ магистратура және PhD докторантура бағдарламаларының презентациясы, табысты мансап құру жөніндегі шеберлік сағаты өткізіледі. «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» атты бағдарламаларды Алматы қаласының жұмыспен қамту Басқармасы ұсынады.

Түйіндемені career@kaznu.kz адресіне жіберіңіз.

Мансап және бизнес орталығы АМД