Жаңалықтар

ҚазҰУ-да шетелдік ғалымдар дәріс оқиды

03.05.2013

6-23 мамыр аралығында тарих, археология және этнология факультетінің, археология, этнология және музеология кафедрасында (этнология мұражайында) Колорадо университетінің (АҚШ) профессоры, адамның шығу тегі лабораториясының директоры Мишель Глянц, сонымен қатар Колорадо университетінің профессоры, археология орталығының директоры Джейсон Лабелдің адам эволюциясына қатысты мәселелер, Орталық Азияның ежелгі тарихы, неандертальдықтардың морфологиясы және антропология мен эволюция тарихы аясында дәрістері өтеді.

Барлық ниет білдірушілер, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар шақырылады.

Археология, этнология және музеология кафедрасы, байланыс тел.: 377-33-38, ішкі 12-85, 12-83.