Жаңалықтар

«Туризмдегі жастар саясаты» атты он-лайн конференциясы өтті

06.05.2013

2013 жылдың 3 мамырында, география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының ұжымымен, «G-global» он-лайн платформасын қолдана отырып, «Туризмдегі жастар саясаты» атты тақырыбындағы конференция өткізілді.

Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы және Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының халықаралық туризм және спорт кафедрасының студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Өткізілген конференция аясында Қазақстандағы жастар туризмі, еліміздегі жастар саясаты, белсенді туризм түрлерін дамыту қарастырылды. Студенттер өзін-өзі басқару ұйымдары мен одақтар аясында сөз қозғап, елімізде белсенді туризм түрлерінің дамуын талқылады. Оқытушылар ұжымы екі жақты келіссөздер жүргізіп, университеттер аясында бірлескен іс-шаралар, бірлескен оқу-жаттығу тәжірибелерін өткізу жайында пікірлерімен алмасты.

География және табиғатты пайдалану факультеті