Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Ауған соғысының ардагері генерал-майор Тұрар Нұрғалиевпен кездесу өтті

08.05.2013

6 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде авиациа Ауған соғысының ардагері генерал-майор Нұрғалиев Тұрар Сапарғалиұлымен «Ер – елінің қорғаны» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 68 жылдығына және де 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне, Отанына шын берілген, қайсар жүрек, батырларымыздың мерейтойына арналған шара болып аталды.

Ауғандық ардагер Тұрар Сапарғалиұлы өзінің Отан алдындағы өтеген әскери борышы туралы баяндай келе, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерліктері туралы да айтып өтті. Кеш барысында бейіндік мектеп оқушылары мен колледж студенттері соғысқа байланысты өздерін толғандырған кейбір сұрақтарын кеш қонағына қойды. Тұрар Сапарғалиұлы өзінің өмір жолын, соның ішінде 70-80 жылдары Кеңес армиясы қатарында өткізген кездерін еске алды. Ауған жеріндегі өзі куә болған оқиғалар, жауынгер жолдастарының жанқиярлық істері, Отан алдындағы міндеттерін адал орындаған жерлестерінің ерлік істерінен сыр шертті.

Кеш соңында бейіндік мектеп оқушыларының «Оқпен қиылған шығарма» - атты әдеби-музыкалық қойылымын қойылып, ардагермен естелікке суретке түсті.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті