Жаңалықтар

Үздік студенттер театрда бас қосты

13.05.2013

12 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрындағы «Сүйе білсең...» қойылымын ҚазҰУ жастары тамашалап қайтты.


«Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін үздік жобалардың бірі «Ең үздік студенттік топ» болып табылады. Байқаудың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып озып шыққан жеңімпаздары арасындағы байланысты күшейту, рухани мәдениетін арттыру мақсатында театрға бару ұйымдастырылған болатын.

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы