Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жас шахматшылар арасында жарыс өтті

30.05.2013

30 мамырда Спорт кешенінің шахмат клубында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситет ұжымының балалары арасында «1 маусым - балалар күніне» арналған шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалппы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.

10 жасқа дейінгі балалар арасынан Абылай Ахметжан– бірінші орынға, Данияр Нукушев– екінші орынға және Элеонора Қабылбекова– үшінші орынға қол жеткізді. 12 жасқа дейінгі балалар ішінде Томирис Нұрғазы– бірініші орын, Ескендір Асанқұлов– екінші орын, Едіге Керімбаев үшінші орын алды.

Және 14 жасқа дейінгі балалар арасында Аян Орынбай– бірінші, Азамат Асанқұлов– екінші, Маралхан Маханов– үшінші орындарға ие болды.

Бұл жарыстың бас төрешісі Анатолий Носков (спорт шебері): «Бүгінгі осы жарысқа барлық бүлдіршіндер жақсы дайындалып, жеңімпаз боламыз деп үміт артып келді. Балалар өзара бәсекелестікке қарамастан ойын өте қызықты әрі тартысты өтті», - деді. Жеңіске қол жеткізген балалар «Парасат» кәсіподағының атынан мақтау қағаздары мен және түрлі сый-сияпатпен марапатталды.