Жаңалықтар

Тарихшылар дөңгелек үстелде бас қосты

25.07.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде 2013 жылы 5 маусымда Мемлекеттік хатшы А.М. Тәжиннің басшылығымен ЖОО Қазақстан тарихын оқыту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңесінің шешімі аясында «Ұлттық тарихты оқытудың жағдайы мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жиналғандар отандық тарих ғылымы мен республикамыздың жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту әдістері мен даму болашағы, қазақ тарихын жазудағы кемшіліктерге баса назар аударды. ҚазҰУ профессоры Қамбар Атабаев Мемлекеттік хатшының тарихшылар алдына қойған мақсаттарды талдай келе, өз сөзінде: «Қазақстан тарихын жаңа теориялық деңгейге көтеру керек. Біздің тарих – қазақ тарихы. ХХ ғасырға дейінгі тарихты «қазақ тарихы» деп атауымыз керек. Біз осы бағдарламаға өз тұжырымдамамызды жасап, өз ұсынысымызды берейік», - деді. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуды жақсарту жөніндегі мәселе дөңгелек үстелде талқыланып,онда ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д. Қуаныш Қаражан былай деді: «Бүгінде студентерге тарихты әлі де тереңірек оқытуды ұстануымыз керек». Жиынға қатысушылар тақырыпты жан-жақты талқылап, бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі