Жаңалықтар

Хабарландыру!

28.08.2013

Колумбия университеті Жер институтының (Нью-Йорк, АҚШ) Global classroom жобасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Foundations of Sustainable Development Practice» атты кезекті бағдарламасының жаңа маусымының ашық екендігін жариялайды.

Оқу ағылшын тілінде осы жылдың қыркүйек айынан басталып желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

Қазақ Ұлттық университеті барлық факультет магистранттары мен докторанттарын жобаға қатысуға шақырады.

Бағдарламаны ойдағыдай тәмамдаған магистранттар мен докторанттарға жоба соңында СЕРТИФИКАТ табыс етіледі.

Үміткерлерді қабылдау 30.08.2013 Ректораттағы 306-бөлмеде, сағат 10.00-де өткізіледі.

Жобаға байланысты қосымша ақпар үшін:

- Рафис Абазов, PhD, Global Classroom жобасының директоры, Колумбия университетінің профессоры. Тел.: 377-35-59.

- Ибраева Ғалия Жүнісқызы, PhD, Global Classroom жобасының директоры, Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Тел.: 377 32 64. E-mail: Galiya.Ibrayeva@kaznu.kz (ректорат, 1200 кеңсе).