Жаңалықтар

Құрметті оқытушылар және студенттер!

29.08.2013

2 қыркүйекте сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің мәжіліс залында (15 қабат) АҚШ конгрессмені Эни Фалеомаваеганың дәрісі өтеді.

Э.Фалеомаваега әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде профессорлар-оқытушылар құрамы мен ҚазҰУ-дың профильді факультеттерінің студенттері алдында өңірлік қауіпсіздік, ядролық таратпау және Ауғанстандағы ахуалдың тұрақталуы тақырыбында дәріс оқиды.

Американдық конгрессмен ядролық сынақтарға белсенді қарсы шығып жүрген АҚШ-тың құрметті заң шығарушыларының бірі болып табылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі