Жаңалықтар

Студенттер Тұрсынбек Кәкішевпен кездесті

13.09.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әдебиеттанушы ғалым, Халықаралық Жоғары мектеп ҒА құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының «Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбында жас ғалымдар мен магистрант, докторанттарға арналған дәріс өткізілді.

Тұрсынбек Кәкішұлы қазақ әдебиетіндегі қазіргі таңда зерттейтін өзекті тақырыптар, ғылыми зерттеу жүргізуде мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін, зерттеу еңбек жазудың ғылыми жүйесің жан-жақты түсіндіріп берді. Жастар ғалымнан өздері зерттеп жүрген тақырыптары мен әдебиеттің қоғамдағы даму жолдарын сұрап, көкейдегі сауалдарына жауап алып, жылы жүздесуден мол рухани азық алып қайтты.