Жаңалықтар

Бундестаг делегациясы халықаралық қатынастар факультетіне ресми іс-сапармен келді

17.09.2013

2013 жылдың 12 қыркүйегінде неміс Парламенті (Бундестаг) делегациясының ресми іс-сапары «Халықаралық қатынастар факультетінде дәстүрлі Елшілік сағатын» ашты. Студенттер мен оқытушылар депутат К. Поландты, 1-ші дәрежелі кеңесші Р. Крюгерді, Берлин Техникалық университетінің вице-ректоры Х.-У. Хайсты қарсы алды.

Делегацияны мәдениет, экономика және баспасөз мәселесі жөніндегі Германияның бас консулы Р. Рихтер алып жүрді.

Кездесу барысындағы пікірталасқа Гёте атындағы институт директоры Сюзанн Беккер және А. Гумбольдт атындағы университетінің Қазақстанды зерттеу бөлімшесінің меңгерушісі доктор Г. Масакова қатысты. Неміс қонақтары неміс парламентінің сайлау қарсаңындағы жұмыстарының ерекшеліктері, Бундестагта тәжірибе өту және сол жерде «саяси менеджментті» оқу мүмкіндігі, Германияның саяси көшбасшылары және осы елдің халықаралық саясаты жайлы бар ынтасымен айтып берді және студенттер мне оқытушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы К. Шәкіров Германияның парламенті және университеттерімен қалыптасқан ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте келе, факультеттегі германиялық бағыттың ары қарай дамитындығын айтты. Профессор М. Губайдуллина қонақтарды Германиялық Зерттеулер Орталығының жұмысымен, кітап қорымен таныстырды, ал студенттер Германияда өткен тәжірибелері туралы фильмді көрсетті.

Халықаралық қатынастар факультеті