Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға UNWTO штаб-пәтерінде TedQual дипломы табыс етілді

20.09.2013

Мадрид қаласында (Испания) Бүкіләлемдік туристік ұйым штаб-пәтерінде өткен Бүкіләлемдік UNWTO.TedQual форумында туризм бойынша оқу бағдарламалары халықаралық стандартқа сәйкес университеттерді дипломмен марапаттау рәсімі өтті.


Қазақстаннан бакалавриат және магистратура бағдарламасымен «Туризм» мамандығы бойынша UNWTO сертификациясын өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды.

Форумға бес континенттен жиналған өкілдердің негізгі тақырыбы тұрақты туризмді қалыптастыру үшін жағдай жақсарту мақсатында туризм саласы мамандарын және жоғарғы туристік оқу орындарын, жұмыс берушілерді біріктіруге күш салу.

Бүкіл әлемнен келген UNWTO.TedQual бағдарламасына қатысушылар аймақтық туризм даму бағдарламасының іске асуын, жақында Борнмут (Ұлыбритания) университетінде өткен Бірінші Студенттік Кеңес беру Кеңесі мәжілісінің қорытындысын, ұлттық туристік әкімшілік іс-әрекеттерін және Бүкіләлемдік Мұра объектілерін қолдау бойынша басқа да ұйымдардың, сонымен қатар туризмнің Жаһандық Этикалық Кодекс принциптерін оқу бағдарламаларына енгізу туралы талқыланды. 2014 жылы және келешекте UNWTO.TedQual бағдарламасын жақсарту жұмыстары бойынша негізгі даму бағыттары және шаралар туралы ашық пікірталас өтті.

Кездесудің нәтижесі – туристік кадрлар дайындау саласындағы әлемдік жетекші оқу орындармен тікелей байланыс, тәжірибе алмастыру географиясын кеңейту мүмкіншілігі, студенттердің академиялық және оқытушылардың мобилділігін артыру, еріктілер қозғалысымен қоса, халықаралық бағдарламаларға қатысу, басылымдар, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу болып саналады. UNWTO.TedQual қолдауы бойынша рекреациялық география және туризм кафедрасы оқытушылары қатысуымен өтетін ЭКСПО-2017 және 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қыстық Универсиада үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында еріктілер мектебін ұйымдастыру мүмкіншілігі бойынша алдын ала келісім жасалды.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ бакалавриат және магистратура бағдарламасы халықаралық стандартқа сәйкес «Туризм» мамандығы бойынша Бүкіләлемдік туристік ұйымнан растау алған Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып саналады. Сәйкестік сертификатының мерзімі – 4 жыл.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы