Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Tempus I-WEB жобасының семинары өтеді

23.09.2013

2013 жылдың 24-25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің энергоэкология кафедрасы (Алматы қ. Қазақстан) Tempus I-WEB " Integrated Water cycle management; building capability, capacity and impact in Education and Business" атты Халықаралық жобаның семинарын және мониторингін өткізеді.


Семинар және мониторинг жұмысына келесі қатысушылар қатысады: Қазақстандығы Темпустың Ұлттық кеңсесі, Еуропалық Одақ бойынша жоба серіктестерінің өкілдері, Миддлсекский университеті, Валенсия политехникалық университеті, Лейпциг университеті, Кипр университеті, сонымен қатар Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, КҚ «Жас-Отан», «ҚазБШҒЗИ», ҚазСШҒЗИ, ҚР География институты, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР БжҒМ-нің академиялық ұтқырлық және Болон процесінің орталығы, ОА аймақтық экологиялық орталығы.


Энергоэкология кафедрасы