Жаңалықтар

Студенттер тіл тарихынан сайысты

28.09.2013

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының куратор-эдвайзерлері профессорлар Асылбекова Ж.М., Қартабаева Е.Т., доценттер Сабденова Г.Е., Алпысбаева Н.К., Мийманбаева Ф.Н. тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – менің Тұғырым» атты мерекелік шара өткізді.

Шараға кафедра мамандықтары бойынша маманданушы 1 және 4 курс студенттері – мұрағаттанушылар, тарихшылар мен кітапханатанушылар қатысты. Шараның бағдарламасы бойынша үш команда: «Сұңқар», «Тілмаш» және «Достық» командалары өзара жарысқа түсті. Студенттер 5 кезеңнен тұратын сайыстан өтті. Қазақтың мақал-мәтелдері және олардың шығу этимологиясы бойынша сайыс, қазақ, орыс және ағылшын тілінен білім деңгейлері бойынша конкурс, сондай-ақ команда капитандарының сайысы болды. Студенттер ағылшын тілінде дайындаған презентацияларын да көрсетті. Конкурс барысында факультет студенттері өз өнерлерін көрсетіп отырды. Мереке жоғарғы азаматтық-патриоттық деңгейде өтті.

Тарих, археология және этнология факультеті