Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде семинар-кеңес өткізілді

12.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Жаманбалаева мен барлық әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы факультет декандарының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері қатысуымен ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үрдісімен таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.


Ғылыми-технологиялық парк директоры С.М.Баяндинова мен Коммерциализация кеңсесінің маманы Д. Омардың баяндамалары қатысушылардың қызығушылығын танытты. Нәтижесінде «Әлеуметтік-гуманитарлы технологиялар Паркінің» ережесі қарастырылып, бекітілді. Сонымен қатар университеттің оқытушы-профессорлық құрамның кәсіпкерлік қызметін белсеңдендіріп, коммерциялау бойынша семинар-тренингтерді, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт үшін ұйымдастыру ұсынылды.