Жаңалықтар

Фемида клубы «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады

12.12.2013

Құрметті оқытушылар мен студенттер!!! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" клубы мен заң факультеті 302-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады. Ашық сабақ 13 желтоқсан 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі.

Тәуелсіздік – ел тірегі. Кез келген мемлекет үшін тәуелсіздік - оның басты арманы, биік мұраттары мен қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. 16 желтоқсан – еліміздің тәуелсіздігі жарияланған күні. Бұл күн халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген, егемендік ұстанымдары биікке көтерілген күн. Бұл мереке еліміздің бірлігі мен тыныштығының, ынтымақтастығы мен татулығы жарасқан күн. Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстан көптеген табыстарға қол жеткізді. Сол себепті, «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабақтың өту барысы елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуына бағытталған.