Жаңалықтар

Ең үздік «Ғылыми студенттік бірлестік» конкурсы өтті

19.12.2013

Студенттердің ғылыми қоғамымен бірге (СҒҚ) заң факультетінде ең үздік «Ғылыми студенттік бірлестік» конкурсы өтті.

Бұл іс-шарада 30-ға жуық ұйымдар қатысқан болатын. Әр ұйымнан арнайы төрағаларын шақыра отыра, олар өз ұйымының қызметін әңгімелеп, бұдан әрі олар өз логотибын көрсетуі тиіс және бейнероликтерін тамашалауға уақыт берілді. Қазылар алқасының мүшелері заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор - Даулет Байдельдинов (қазылар алқасының төрағасы), деканның ғылыми-инновациялау қызметі және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., доцент - Қарлығаш Усеинова, барлық кафедраларының меңгерушілері з.ғ.д, профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.д,, профессор С.Т. Тыныбеков, профессор А.Е. Жатканбаева, з.ғ.д, профессор Р.Е. Джансараева, ҒСҚ төрағасы - Қаламқас Нұрбекова қатысты.

Үлгілі атанған ғылыми үйірмелер: 3 дәрежелі дипломмен марапатталды: заң ғылымдарының магистры Нуруллаева И.Э., төрағалық етушілігімен «Мыслитель» клубы, з.ғ.к., доцент Тұрсынқұлова Д.А. төрағалық етушілігімен «Зимановтың кіші академиясы», аға оқытушы Баяндина М.О. төрағалық етушілігімен «Әділет» клубы.

2 дәрежелі дипломмен марапатталды: з.ғ.к., доцент Оспанова Д.А., з.ғ.к., доцент Усеинова К.Р төрағалық етушілігімен «Союз ради прогресса» клубы, аға оқытушы Смагулова Д.С. төрағалық етушілігімен «Основы права» үйірмесі.

1 дәрежелі дипломмен марапатталды: заң ғылымдарының магистры, Бисенгали Л. төрағалық етушілігімен «Антикоррупционный студенческий клуб» үйірмесі «Ең үздік Ғылыми Қоғамдастық» атанды.

Сертификаттар келесі ғылыми үйірмелерге берілді:

«Ең өзімдік логотип» номинациясында аға оқытушы Шопабаев Б.А. төрағалық етушілігімен «Эксперт-Криминалист» клубына берілді.

«Ең үздік видеоролик» номинациясында аға оқытушы Смагулова Д.С. төрағалық етушілігімен «Основы права» үйірмесіне берілді.

«Ең үздік лозунг» номинациясында з.ғ.к., доцент Абайдельдинов Т.М., аға оқытушы Рыскалиева Д.У. төрағалық етушілігімен «Трудовое право» үйірмесіне берілді.

«Ең үйірімпаз жетекші» номинациясында з.ғ.д., профессор Жатканбаева А.Е. төрағалық етушілігімен «Налоговик» үйірмесіне берілді.

«Ең көп санды команда» номинациясында аға оқытушы Урисбаева А.А. төрағалық етушілігімен «Фемида» клубына берілді.