Жаңалықтар

Жастар университеттің туған күнін атап өтті

15.01.2014

Оқу семестрінің басталуына әлі уақыт болса да, университет алды студенттерге толы. Оның себебі, бүгін білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ашылғанына 80 жыл толып отыр. Оқу орнының мерейтойлы күнін белсенді студенттер ұмыт қалдырған жоқ.

Еліміздің маңдай алды білім ордасының ашылған күніне орай белсенді студенттер университет қызметкерлеріне арналған «Мерейтойыңмен, қарашаңырақ!» атты акциясын ұйымдастырды. Акция барасында таңертең жұмысқа келген қызметкерге студенттер білім ордасының тарихы мен университет қабырғасында болған елеулі оқиғалары жайлы сұрақтар қойып қарсы алды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген алғаш 80 адамға «Мерейтойыңмен, қарашаңырақ!» деген тәтті шоколадтар ұсынылды. Сонымен қатар, мерекеге орай қойылған тілектер тақтасында әрбір қызметкер университетіне деген өзінің лебіздерін қалдыруға тырысты. Өткізілген акция қызметкерлер мен ұйымдастырушыларға үлкен позитивті көңіл-күй сыйлап, ұжымдық рух берді. Осы күннен бастап ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған жобалар өз ізін жалғастырады. Барлық ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерін және түлектерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім