Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарынан кәсіпкер-студенттер келді

17.01.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде Бiрiккен ұйымдастыру комитетi «Қазақстанның 2-ші Ұлттық кәсіпкер-студенттер жарысы» және «1-ші Қазақстандық инженерлі STEM (STEAM)-технологиясы және кәсіпкерлік оқыту форумы» атты жобаларының жарыс шеңберiнде мәжiлiс өткізді.

Бұл шарада қаланың жетекші жоғарғы оқу орындары студенттік ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Кездесуге келген қонақтар ғылыми-технологиялық паркінің стартап компаниялар жұмысымен танысып, студенттік бизнес-инкубатордың инновациялық жобалар көрмесін аралады.