Жаңалықтар

«Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы университет ғалым-философтарының рөлі» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

31.01.2014

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы университет ғалым-философтарының рөлі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.

Конференцияға қатысушылар қазақстандық бірегейліктің әртүрлі қырларын талдап, университет философтарының ұлттық философияға қосқан зор үлесін көрсетті және оның даму бағдарларын айқындады. АL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY жобасын жүзеге асырудағы және Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Мәңгілік ел» идеясын насихаттаудағы кафедраның рөліне ерекше назар аударылды.

Философия кафедрасы