Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумы өтеді

12.03.2014

2014 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Әл-Фараби Орталығы және Қазақстандық Философия Конгресінің Алматы бөлімі «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.

Форум жұмысының негізгі бағыттары: әл-Фарабидің рухани мұрасы: Шығыс және Батыс мәдениетінің сұхбаты, әл-Фараби – университеттің мәдени және білім беру рәмізі: Al-Farabi University Smart City, әл-Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық дүниетанымы, әл-Фарабидің ғылыми-жаратылыстанулық көзқарастары.

Халықаралық Фараби Форумы шеңберінде жыл сайын «Фараби оқулары» өткізілетін болады.

Форумның жұмысына қатысу үшін толық ақпарат.docx