Жаңалықтар

Кездесуде жастарды рухани тәрбиелеудегі діннің рөлі талқыланды

14.03.2014

Биология және биотехнология факультетінде университет студенттерінің «Жастарды рухани тәрбиелеудегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу жастардың жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, дін мен жастар мәселесінің өзара байланысына назар аударту, өсіп келе жатқан тұлғалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында болды. Кездесуде діннің жастар өміріндегі рөлінің маңыздылығы, дін мен салт-дәстүр арасындағы өзара байланысы, экстремизм мен терроризм туралы түсінік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар бойынша мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында университет студенттері көпшілікті толғандырып жүрген хиджап, сақал қою, жұма намазы, секталар т.б. мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен алмасты.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Медеу ауданы «Мекке» мешітінің Наиб имамы Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлы және мешіт оқытушысы Ануарбеков Әсет Саметұлы қатысты.