Жаңалықтар

Дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтеді

14.03.2014

2014 жылы 3-5 сәуір күндері сағат (10.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, 3 зал) Респбуликалық «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы, «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, «Медиалэнд» интелелктуалды белсенділік күні өтеді.


Аталған шаралар барысында респбуликалық мектеп оқушылары арасында өткен «Журналист болғың келе ме?» ең үздік шығармалар мен эсслелерге, үздік видеосюжет, аудиорепортаж, фотоэтюд пен инфографикаға арналған «Жас репортер» байқаулары жеңімпаздарының дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтеді.

Шараның үшінші күні журналистика факультетінің білікті ұстаз-ғалымдары мен елімізге танымал журналистердің «Журналистика әліпбиі» атты шеберлік-сыныптары өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ үшкүндік шара барысында мектеп оқушыларына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусына тур, «Медеу» мұз айдынына саяхат, М.Әуезов драма театрына және Н.Сац жасөспірімдер мен балаларға арналған театр қойылымын тамашалау мәдени бағдарлама аясында жоспарланған.

Ұйымдастырушылар: баспасөз және электронды БАҚ

Байланыс телефондары: +87074143415 -1351 -1346

Құрманбаева Алмагүл Әлиқызы +7059800566 +7072669254

e-mail: sultanbaeva@mail.com, sultanbaeva_g@mail.ru

alma_kurmanbaeva@mail.ru