Жаңалықтар

«Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді

17.03.2014

20 наурыз (сағат 15.00, механика-математика факультетінің Қызыл залы) университеттің 80-жылдық мерейтойына арналған «Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді.


Кеш қонақтары: әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев және орталық қызметкерлері. Отырыс барысында екінші ұстаз әл-Фараби бабамыз жайлы деректі фильм, ұлы ғұламаның ғылыми еңбектерінің көрмесі, әл-Фарабидің өркениеттегі рөлі туралы әңгіме-сұхбат ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылар: механика-математика факультетінің деканаты, Ақпараттық жүйелер кафедрасы, Ғылыми кітапхана