Жаңалықтар

«Қазақ университеті» баспасы - ҚР Кітап палатасының рейтингісінде көшбасшы

14.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасы ҚР Кітап палатасының 2013 жылғы рейтингісінде «Шығарылған атаулар саны бойынша үздік ондық» номинациясында көшбасшы атанды.


Өткен жылы 347 кітап өнімі атауын шығарып, бірінші орынды иеленген «Қазақ университеті» баспасы «Алматыкітап баспасы», «Мектеп», «Атамұра» баспалар үйін артта қалдырды.

«Біздің баспа тек өндіріс кәсіпорны емес, сонымен қатар журналистика факультеті студенттерінің тәжірибеден өту базасы. Университет басшылығы жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Баспаға ауданы 1000 кв.м. жаңа ғимарат берілді, заманауи жоғары технологиялық жабдықпен жасақталды. Осының арқасында баспахана қуаты 300%-ға артты», – деп атап өтті баспа директоры Алмаз Асан.

Баспасөз қызметі