Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі студенттер өміріндегі спорттың рөліне арналған конференция өтеді

14.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім алу барысында мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек студенттердің интелектуалды және жеке бастарының дене қабілеттерін жетілдірудегі бейімдеу, дене тәрбиесі мен спорттың рөлі мен орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


Конференция 2014 жылдың 17-18 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде 214 конференц залында өтеді.

Басталу уақыты: сағат 10.00.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК 6, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті.