Жаңалықтар

Дөңгелек үстелде әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы рөлі талқыланды

16.04.2014

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Нұр» және «Мәдениет.kz» клубтарының ұйымдастырумен университетіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы орны» атты республикалық денгейде дөңгелек үстел отрысы өтті.


Отырыс барысында студенттер Түркия Республикасы, Улудағ университеті, Теология факультетінің деканы, профессор Яшар Айдынлыға өздерінің сұрақтарын қойды. Профессор Яшар Айдынлыны шақырудағы басты мақсат Ph.D докторлар мен магистранттарды дайындау бағдарламасын әрі дамыту және магистратура, докторантура бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Сонымен қатар дін саласында іргелі зерттеулер жүргізіп жүрген профессор Яшар Айдынлымен жүздесу, ғылыми әріптестік орнату, Қазақстандағы, сондай-ақ университеттегі дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қосады деген ойдамыз.