Жаңалықтар

Қазіргі көркем аударма мәселесіне арналған семинар өтеді

17.04.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жақсылықов Аслан Жәмілұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Қазіргі көркем аударманың және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинарға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады. Ғылыми семинарда мәтін герменевтикасы және аударма, әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері талқыланады.

Семинар 2014 жылы 23 сәуірде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі М.О. Әуезов атындағы дәрісханада (№ 312) сағат 11.00-де басталады.

Байланыс телефоны: +7 (727) 3773339 (ішкі: 1323)

e-mail: PD.kafedra_96@mail.ru

Жауапты хатшылар: доцент Мұсалы Л.Ж 87012701868

Доцент Е.Карбозов 87714048376