Жаңалықтар

ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

18.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалым-профессорлары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қатысты.

Пленарлық мәжіліс: дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі Қ.Т. Жұмағұлов «Ғұн-авар тарихы бойынша беймәлім жаңа Батыс хроникалары» атты баяндасымен сөз сөйледі. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі проф. Т.О. Омарбеков «Мәңгілік ел» идеясының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи тамырлары» атты баяндамасын жасады. Олардың баяндамалары үлкен қызығушылық тудырып, сертификаттармен атап өтілді.

Конференцияның тақырыптық ауқымы тарих ғылымының өзекті мәселелерін қамтыды. Конференцияның жұмысы Әлемдік тарихи кеңістіктегі Қазақстан», «Ұлттық идея тарих толқынында» секциялары бойынша өтті. Оның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі