Жаңалықтар

Шығыстану факультетінде Ресей ғалымы С.Г. Лузянин дәрісі өтті

18.04.2014

2014 жылдың 17 сәуірінде шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері: Ауғанстан-ШЫҰ- ҰҚШҰ» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

Осы семинарда Ресей ғалымы С.Г. Лузянин аталған тақырып бойынша баяндама жасап, Орталық Азия аймағына төніп тұрған дәстүрлі және жаңа қауіптер туралы сөз етті. Ауғанстан мәселесі бойынша Ресей ұстанымы, аймақтық ұйымдардың ортақ қауіптерге қарсы ынтымақтастығы мәселелелерін сарапқа салды. Екі апталық дәрістер өткізуге арнайы шақырылған ғалым құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған мазмұнды лекциялар өткізуде оқытудың инновациялық технологиялары мен заманауи әдістерін шебер қолданды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығына орай шығыстану факультетінің қорына 6-томдық Қытай энциклопедиясын, Гарвард университеті кітапханасының шығыстану саласы бойынша электронды қорын, өзінің «Шанхайская организация сотрудничества. 2013-2015. Прогнозы, сценарии и возможности развития» атты кітабын және «Оценка уровня безопасности стран Северо-восточной и Центральной Азии» атты монографиясын сыйға тартты.

Семинар соңында шығыстану факультеті деканының орынбасары Ұ.Т. Алжанбаева факультет атынан алғыс айтып, естелік ретінде сыйлық ұсынды. Университетімізде шетел ғалымдарын шақырту бағдарламасы бойынша дәріс оқуға келген ғалым қытайтану кафедрасы оқытушыларының тілдік кәсіби деңгейіне жоғары баға беріп, болашақтақазақстандық қытайтану саласы зор үміт күттіріп отырғанын баса көрсетті.