Жаңалықтар

Профессор Х. Суербаевтың дербес шығармашылық көрмесі өтеді

23.04.2014

28 сәуір, 2014 ж. сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат ғимаратының фойесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған химия ғылымының докторы, профессор Суербаев Хаким Абдрахимұлының 75 жылдығына орай дербес шығармашылық көрмесі өтеді.

Көрмеде ғалымның ғылыми және педагогикалық қызметі, майлы бояу, графика, флористика бойынша жұмыстары қойылады.