Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Францияның Бас Консулы Патрик Ренардың көшбасшылық дәрісі өтті

23.04.2014

ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулы Патрик Ренар мырзаның «Францияның әлемдік саясатындағы рөлі және Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастығы» атты тақырыпта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары үшін көшбасшылық дәрісін ұйымдастырып, университеттің Ғылыми кеңес залында өткізді.


Дәрісті модераторлар ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Д.Ж. Ахмед-Заки және ҚазҰУ мансап және бизнес орталығының директоры Қ.С. Абдыхалықов жүргізді.

Францияның бас консулымен кездесуіне философия және саясаттану, тарих, археология және этнология, шығыстану, халықаралық қатынастар және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеттерінен барлығы 100-ге жуық студенттер мен оқытушылар қатысты.

Дәрісте Францияның қазіргі әскери-саяси, сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының мәселелері, елдің халықаралық қатынастардағы рөлі, Францияның дүниежүзі аймақтарындағы саясаты, француз-қазақстан мемлекетаралық ынтымақтастықтың сыртқы саяси аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ бас консул биылғы қыркүйек айындағы «Франциядағы Қазақстан жылының» ресми басталатындығы туралы сөз етті. Патрик Ренар мырзаға студенттер қызықты да күрделі сұрақтарды қойып, кездесудің соңында оған ректорат тарапынан ҚазҰУ сыйлығы табысталды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы