Жаңалықтар

Денсаулықты жақсарту жолдарына арналған іс-шара өтті

28.04.2014

Биофизика және биомедицина кафедрасында «Салауатты дене мәдениеті» жобасы шеңберінде «Дені саудың-жаны сау» тақырыбына іс-шара өткізілді.


Салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің салдары және әр адамның денсаулығы тұтас ұлттың денсаулығы болатыны жайлы баяндама тыңдалды. Студенттер өлеңдерін оқып, шағын түрде жаттығулар орындады. Іс-шараға қатысушыларға қойылған ситуациялық тапсырмалар қызықты болып, студенттердің пікір-таласқа қатысу және сындық талдау қабілеттері мен дағдыларын дамыта түсті. Белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар тапсырылды. Іс-шара «Қара жорға» биін жаппай орындаумен аяқталды.

Ұйымдастырушылар доцент Дощанова Б.К., аға оқытушы Құлбаева М.С. және «5В060700-Биология» 3-ші курс 201-202 топ студенттері.