Жаңалықтар

Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

28.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет «Аудармаға баулудың инновациалық технологиялары мен әдістері» пәні бойынша «Аударма-тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы» тақырыбында республикалық дәрежедегі шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатқа республикамыздың түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер қатысты. Егеменді Қазақстанның жаңа буын қытайтанушыларыішінде жиырма жыл бойғы ғылыми-педагогикалық бағыттағы ерен еңбегімен елімізге белгілі Ф.Н.Дәулет осы шеберлік сағатында сабаққа қатысқан тіл мамандарын айрықша әдістемелерін ортаға салып, тағы да тәнті етті. Сабақта миға шабуыл, кейс-стади, шетел тілін оқытудың құзыреттік-бағдарлы әдістері және аударма теориясы мен тәжірибесінде қолдануға тиіс өзге де инновациялық әдістер мен технологиялар ұтымды пайдаланылды. Шеберлік сағат соңында еліміздің түрлі іргелі оқу орындарынан келген жоғары дәрежелі мамандар сабақ бойынша өз пікірлерін ортаға салып, Ф.Н. Дәулеттің жұмысына өте жоғары баға берді. Олар тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетін осы тәріздес шеберлік сағаттарды жиі өткізу керектігін ерекше атап көрсетті.