Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайысында 3-орынға ие болды

28.04.2014

2014 жылдың 21-22 сәуір күндері ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайыстарына қатысты.

ҚазҰУ командалары үш іске асырылған жобаларды ұсынды. Ол: Univer Pro (имидж өнімдерінің дүкен жобасы), Green Campus (экологиялық волонтер жобасы) және Көмек әлеуметтік жобасы. 2014 жылғы Enactus сайыстары ҚР БҒМ және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңесінің қолдауымен өтті.

Сайысқа Қазақстан Республикасының 45 жоғары оқу орындарынан студенттік командалар қатысты. Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 Ұлттық сайысының серіктестері ретінде 22 ірі компаниялар танылды. Enactus - КазҰУ командасы үлкен додада жеңіп, Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 Ұлттық сайысы лигасында 3-ші орынға ие болды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік командасы Enactus Kazakhstan Ұллтық офисінің өкілдері тарапынан 3-ші орынға тиесілі кубокпен және сайыста белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ команда ұсынған жобалар сайыс алқасы тарапынан ерекше назарға бөленіп, команда арнайы сыйлықпен – KPMG Tax & Advisory компаниясында «Навыки ведения презентации» атты тренингтен өту жөніндегі сертификатпен марапатталды.

Enactus – әл-Фараби КазҰУ командасы 13 студенттерден құралған, олар: ЭжБЖМ, Тарих факультеті, Механика-математика және Филология және әлем тілдері факультеттерінің студенттері. Команда капитаны – Сұлтанбек Оғарбеков, ЭжБЖМ 2-курс студенті. Команданың жауапты эдвайзері – Қ.С. Абдыхалықов, ҚазҰУ мансап және бизнес орталығының директоры; атқарушы эдвайзер – С.И. Тасжарғанов, ҚазҰУ менеджмент және маркетинг кафедрасының оқытушысы; бизнес-эдвайзер – А.М. Абжанов, ҚазҰУ студенттік бизнес-инкубатордың жетекшісі.

ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш.Е. Жаманбалаеваға, ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Д.Ж. Ахмед-Закиге және ҚазҰУ ректордың индустриалды-инновациялық даму жөніндегі кеңесшісі әрі технопарк директоры А.Т. Тоқжановқа командаға дем беріп, ұйымдастырушылық қолдау көрсеткеніне, сондай-ақ «Парасат» ҚазҰУ қызметкерлер кәсіподаққа және оның төрағасы Т.Қ. Мекебаевқа қаржылық қолдауды көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

ҚазҰУ Мансап және Бизнес орталығы