Жаңалықтар

Бүкіләлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпаздары анықталды

28.04.2014

Сәуірдің 26 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтында әлемде қытай тілін таратуды басқаратын топтың Бүкілқытайлық мемлекеттік Канцеляриясының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысының Алматы қалалық байқауында және Республикалық байқауы өз мәресіне жетті.


Онда шығыстану факультеті қытайтану бөлімінің «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Тохбаева Айнұр 2-орынды иеленді. Қытайтану бөлімінің «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Андасова Салтанат «Қытай тілі көпірі» сайысының Алматы қалалық байқауында 3-орынға ие болды.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!