Жаңалықтар

Студенттер әдеби шығарманы талдауға шақырады

28.04.2014

2014 жылдың 29 сәуірінде (сағ. 16.00) заң факультетінің 410 аудиториясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті оқуға міндетті «100 кітап» жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітабын талқылауға арналған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының доценті А.Ж.Жарболова, доцент Мынбатырова Н.Қ, «Конституционалист», «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубтарының ұйымдастыруымен әдеби-шығармашылық кеш өтеді.

Келемін деушілерге есік ашық.