Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Model UN – Жаңа Жібек Жолы» конференциясы өтеді

29.04.2014

1-3 мамыр 2014 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана ғимараты, 4-шi қабат, сағ. 9:00) Model UN бағдарламасы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Model UN – Жаңа Жібек Жолы» конференциясын өткізеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласындағы АҚШ Бас Консулдығы.

Конференция 4 секция бойынша өткізіледі: «БҰҰ Бас Ассамблеясы: «Қол жетімді білім», «БҰҰ Қауіпсіздік комитеті: «2014 жылдан кейінгі Ауғанстанның даму болашағы», «БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі: «Сауда және тарифтер», «БҰҰ Адам құқықтары бойынша комитеті: «Отбасыдағы зорлықтардан қорғау».

Ұйымдастырушалар: Абазов Рафис (PhD), ҚазҰУ «Модель БҰҰ – Жаңа Жібек Жолы» жобасының жетекшісі, Ибраева Галия (PhD), ҚазҰУ «Модель БҰҰ – Жаңа Жібек Жолы» жобасының қосымша жетекшісі.

Қосымша ақпарат: Екатерина Лейман пресс-орталығы ekateryna.leyman@mail.ru, model_un_nsw@mail.ru