Жаңалықтар

«Tarzhiman» клубында «LANGUAGE BATTLE»

29.04.2014

«Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында «LANGUAGE BATTLE -ТІЛДЕР ШАЙҚАСЫ» атты аудармашылар сайысы өтті.

«Аударма ісі» және «Екі шет тілі» мамандықтарының студенттері арасында өткен сайыста ағылшын тілі бойынша лексикалық, идиомалық, ситуациялық ойын, логикалық сұрақ түріндегі тапсырмалар берілді. 2 курс студенттері Лола Мамадкаримова, Әсем Асқар және Камила Кунева сайыскерлерге әр тапсырманың шартын таныстырып, сайыс барысын қызықты да мазмұнды етіп жүргізді.

Қазылар алқасының шешімімен «Аударма ісі» бөлімі командасы 62 ұпаймен жеңіске жетті. «Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымының ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Ж.Мұсалы сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.