Жаңалықтар

«ҚР егеменді мемлекет ретінде конституциялық дамуы: өткен шақ, қазіргі заман, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

29.04.2014

Заң факультеті мемлекет және құқық тарихы және теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «ҚР егеменді мемлекет ретінде конституциялық дамуы: өткен шақ, қазіргі заман, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты қазіргі жағдайдағы Қазақстан қоғамының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін конституциялық заңнаманы теорияда және тәжірибеде қолдану және ҚР егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды мәселелерін талқылауға бағытталған.

Бұл конференция «ҚР егеменді мемлекет ретінде конституциялық дамуының мәселелері: өткен шақ, қазіргі заман, болашақ» фундаменталды ізденіс негізінде өткізіледі. Ізденіс жетекшісі ҰАҒ академигі, з.ғ.д., профессор Сартаев С.С.

Ұйымдастыру комитеті: ҰАҒ академигі, з.ғ.д., профессор Сартаев С.С., з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., з.ғ.д., профессор Баймаханова Д.М., магистрант Давлетниязов Т.

E-mail: ibraeva_tgp@mail.ru, talgat-davletniyazov@mail.ru

Өтетін уақыты мен мекен-жері: заң факультеті, 15 мамыр 2014 жыл, сағ. 11.00, 410 аудитория.