Жаңалықтар

ҚазҰУ музейі Қазақстандағы ИКОМ халықаралық мұражайлар одағының мүшелігіне қабылданды

30.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі университеттік музейлер арасында алғаш болып Қазақстандағы ИКОМ халықаралық мұражайлар одағының мүшелігіне тіркеулік 62548 нөмірімен ресми түрде қабылданды.


ИКОМ- халықаралық мұражайлар одағы (ICOM - International Council of Museums) бұл әлемдік табиғи мәдени мұраны, қазіргі және болашақтағы материалды және материалды емес мұраны сақтаумен, дамытумен айналысатын, қоғаммен осы тұрғыда өзара іс-қимыл жасайтын 30мыңға жуық мүше мен мұражай мамандарынан тұратын халықаралық ұйым. Ұйымның орталық пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан.

2013 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссияның төрағасы И.Тасмағамбетовтың қолдауымен «ИКОМ Қазақстан» ұлттық комитеті құрылды.

ҚазҰУ музейін Қазақстандағы ИКОМ халықаралық мұражайлар одағының мүшесі болуымен шын жүректен құттықтаймыз. Болашақта мәдени құндылықтарды сақтап, насихаттап, музей ісін жүргізудегі еңбектеріне зор табыс тілейміз!