Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

06.05.2014

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «ҚазМЗУ» АҚ Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен бірігіп онлайн режимде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80-жылдығына орай Республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығының өзекті мәселелері» атты тақырыпта өтті.

Шараның мақсаты: Алматы қаласы бойынша жас өспірімдер қылмыстылығының профилактикасы шаралары мен себептерін анықтау, сонымен қатар осы бағытта заң факультеттерінің студенттерінде қызығушылық тудыру. Дөңгелек үстелде кәмелеттік жасқа толмағандардың қоғамға қарсы қылықтарын ескерту, тұрмыстық зорлық мәселелері және шешу жолдары, кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалатын меншікке қарсы қылмыстардың алдын алуы, медиация Қазақстан Республикасы құқыққорғау жүйесін жаңғыртудың элементі ретінде сияқты мәселелер талықыланды.

Дөңгелек үстелге Алматы және Астана қалаларының сот қызметкерлері, прокуратура және ішкі істер органдарының мамандары, кафедралар оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты.