Жаңалықтар

Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті

11.05.2014

Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстел тақырыбы қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр Бауыржан Момышұлының өмірі, қазіргі жастар тәрбиесі, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту мәселелеріне арналды. Өзекті мәселелер талқыланып, студенттер мен магистранттардың терең қызығушылығын оятқан тағылымы мол кездесудің жастар үшін тәрбиелік мәні өте зор болды.

Шығыстану факультеті