Жаңалықтар

«Шығыс Мұражайының» ашылу салтанаты өтеді

13.05.2014

2014 жылдың 16 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде университеттің серпінді жобаларды жүзеге асыру аясында Шығыс Мұражайының ашылу салтанаты өтеді.

«Шығыс Мұражайының» ашылу салтанатына құрметті қонақтар ретінде Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Ду Дэвэнь, жобаның бас демеушісі, «Маңғыстаумұнайгаз» басқармасының төрағасы Сунь Синьюн, Алматыдағы Түркияның Бас консулы Супхи Атан, Алматыдағы Үндістанның Бас консулы Навин Капур, Мысыр мәдени орталығының директоры Ашраф Дервиш және басқалар шақырылған.

Шараның өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі 95, шығыстану факультеті, 533 ауд., сағат 11.00-де

Байл. тел.: 8 (727) 243-89-28